Грек-рим күресі

Әлем чемпионатының жүлдегері балуан Айдос Сұлтанғали халықаралық турнирде топ жарды

Әлем чемпионатының жүлдегері балуан Айдос Сұлтанғали халықаралық турнирде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир 55-рет өткізіліп отыр. Халықаралық жарысқа еліміздің үздік балуандары да қатысты. 55 келіде Ерсін Әбиір жеңіске жетті. Ал күміс жүлдені әлем біріншілігінің жүлдегері Хорлан Жақанша иеленді.

60 келі салмақта құрама үздігі Айдос Сұлтанғали топ жарды. Жарақатынан айыққан Айдостың бұл ұзақ үзілістен кейінгі жеңісі.

63 келіде Дастан Зарлыханов, ал 67 келіде Абылайхан Әмзеев, 72 келіде Мерей Мәулітханов, 77 келіде Ибрагим Магомадов жеңіске жетті.

82 келі салмақта Расул Жүніс, 87 келіде ресейлік Карим Мұстақимов, 97 келіде Ислам Умаев, 130 келіде қырғызстандық Роман Ким топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер