Қазақ күресі

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді

Астанада қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

17 желтоқсан күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Республикалық «Қазақ күресі» федерациясы хабарлағандай, дәл осы турнирде жыл бойы өткен 5 рейтингтік жарыста жоғары ұпай жинаған 64 балуан 8 салмақта сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды.

Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды әлем және Азия чемпионаттарының, әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар.

Жеңімпаз атанған балуандар «Дала қыраны» титулына ие болады. Сондай-ақ өз салмағының үздіктеріне қомақты қаржылай сыйақы табысталады.

Ұлттық күресімізден өтетін балуандар бәсекесі 17 желтоқсан Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында сағат 12:00 де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер