русский язык
Дзюдо

Отандық маман IJF президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Отандық маман IJF президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Алмаз Әлсенов IJF президенті Мариус Визердің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұған дейін отандық менеджерлер мұндай қызмет атқармаған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмаз Әлсенов жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, көптеген республикалық және халықаралық жарыста топ жарған.

Қазіргі таңда ол «Жеңіс» дзюдо клубының басшысы.

Айта кетелік, 21 желтоқсан күні аталған клуб ұйымдастыруымен Алматыда ірі халықаралық турнир өтеді. Жарысқа қатысатын спортшылар арасында еліміздің даңқты дзюдошысы Елдос Сметов те бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;