Аргентинада төреші матч кезінде футболшының кеудесіне пышақ сұққан

Аргентинада Мисьонес провинциясында жастар командалары арасындағы матчта төреші футболшыға пышақ сұққан.
Goal.com мәліметінше, матч кезінде футболшылар арасында қақтығыс болған. Артынша ойыншылар төрешіні ортаға алып, қоршаған. Осы кезде төреші пышақ алып шығып, бір ойыншының кеудесіне сұққан.
Қазіргі таңда футболшының жағдайы жақсы. Ол жеңіл жарақатпен ауруханаға түскен. Ал пышақ сұққан төрешіні ұзақ уақыт өтпей полицейлер қамауға алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или