Джорджо Кьеллини жақында карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты

«Лос-Анджелес» қорғаушысы Джорджо Кьеллини МЛС плей-офф кезеңіндегі «Коламбусқа» қарсы ойын карьерасындағы соңғы матчы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен кімді тыңдау керектігін түсінуім қажет: басымды, жүрегімді немесе аяғымды. Неше түрлі сигналдар бар... Бұл менің соңғы матчым болуы мүмкін, көреміз», - деп келтіреді футболшының сөзін Goal.
Италиялық футболшы «Лос-Анджелес» сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Осы маусымда 39 жастағы қорғаушы барлық турнирде 28 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или