Хаби Алонсо «Реалды» қашан басқаратынын айтты
Леверкузендік «Байердің» бапкері Хаби Алонсо «Реал Мадрид» өзіне қызығушылық танытып жатыр деген ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бәрі таңдау жасауға итермелеуін қалайсыз ба, соған байланысты. Немесе өзіңіз шешім қабылдағыңыз келеді. Мен уақытты дұрыс сезінген кезде шешім қабылдаймын. Солай болатынына сенімдімін», - деп жазды Guardian испаниялық маманның сөзін.
Айта кетейік, бұған дейін баспасөзде Алонсо ағымдағы маусым аяқталғаннан кейін Карло Анчелоттиді алмастыруы мүмкін екені хабарланған болатын. Итальялық маманның «корольдік» клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусым айының соңында аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или