Ауыр атлетикадан Гран-при турнирі: Ақмолда Сайрамкез төртінші орында қалды

Ауыр атлетикадан Гран-при турнирі: Ақмолда Сайрамкез төртінші орында қалды

Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Гран-при турнирі жалғасып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез жарысты төртінші орынмен аяқтады. 

67 келіге дейінгі салмақтағы алтын медальді Солтүстік Корея спортшысы иеленсе, күмісті Болгария, қоланы Түркменстан атлеті еншіледі. 

Қазақтандық зілтерімші барлық алты мүмкіндігін де сәтті орындады. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ақмолда 294 келіні бағындырған. 

Турнирге Рио Олимпиадасының жүлдегері Денис Уланов та қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или