Жеңіл атлетика

World Indoor Tour Gold: Астанада әлемнің үздік атлеттері бақ сынайды

World Indoor Tour Gold: Астанада әлемнің үздік атлеттері бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Астанада 2024 жылдың 27 қаңтарында жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына ұпай үлестірілетін ірі World Indoor Tour Gold турнирі өтеді, деп хабарлайды Kazınform.

ҚР Жеңіл атетика федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, Алтын деңгейлі тур әлемнің 7 қаласында өтеді. Ал финалдық кезеңнің жеңімпазы 23 ақпан күні Мадридте анықталады.

Астанадағы турнирде үздік деп танылған спортшылар Париж Олимпиадасына ұпай жинап, жеңімпаз атанған атлет 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы және Глазго қаласында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Айта кетелік, аталған халықаралық турнирге сырықпен секіруден әлем және Олимпиада чемпионы Арманд Дуплантис те қатысады.

Ол осы жылдың қыркүйек айында «Гауһар лигасы» финалында өзі орнатқан әлем рекордын жаңартты. Швециялық жеңіл атлет 6,23 м биіктікті бағындырды.

24 жастағы Арманд Дуплантис Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, «Гаухар лигасының» 3 дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ швед спортшысы әлем рекордын 12 рет жаңартқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер