«VIP-сутенер тізімінде». Қазақстандық балуан жанжалға тап болды

«VIP-сутенер тізімінде». Қазақстандық балуан жанжалға тап болды

Қазақстандық балуан Ералы Әбдірашев әлеуметтік желіде тараған «биыл маусым айында ұсталған VIP-сутенердің клиенттерінің тізіміне» енді, деп хабарлайды Prosports.kz<span> тілшісі </span>Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, тізімде спортшыдан басқа телефон нөмірлері жазылған 300-ге жуық есім бар, олардың кейбірі қазақстандықтардың көпшілігіне белгілі. Әбдірашевтің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

Еске салайық, 6 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскортшылардың «жабық» әлеуметтік желісі жойылғанын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или