Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль алды
Қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен әскерилер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әскери қызметкерлер арасындағы күрестен әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Финалда Иран өкілін жеңді.
Бекболатов – осы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған үшінші қазақстандық. Бұрын мұндай нәтижеге грек-рим күресі шебері Бағлан Жақанша (2013, 60 келі) мен еркін күрестен Ғалымжан Өсербаев (2014, 74 келі) қол жеткізген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или