Попко Түркиядағы турнирді сәтті бастады

Попко Түркиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан саз балшықтан ITF жекелей турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 қарашада Қазақстан спортшысы румын теннисшісі Драгос Казакумен кездесіп, екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу турнирдің 1/16 финалдық кезеңі аясында өтті.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 504-ші орында, ал румын теннисшісі 1131-ші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или