Винисиус алғаш рет жылдың үздік бразилиялық футболшысы атанды

Винисиус алғаш рет жылдың үздік бразилиялық футболшысы атанды

«Реал Мадрид» пен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор «Алтын самба» сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл марапат 2008 жылдан бері жылдың ең үздік бразилиялық футболшысына беріледі.

Ойыншы бұл жүлдені алғаш рет жеңіп алды. <span>Екінші орынды «Әл-Хиләл» ойыншысы Неймар алды. Ол бұл жүлдені қатарынан үш рет жеңіп алған. Үздік үштікті ПСЖ қорғаушысы Маркиньос түйіндеді. </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или