WTA Player Awards: Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі атағына үміткер
<span>Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарында, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. </span>
<span>WTA Player Awards – 1977 жылдан бері әйелдер теннис қауымдастығының ұйымдастырылуымен өтетін салтанатты іс-шара. Әйелдер арасындағы үздіктерді журналистердің және жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықтайды. </span>
<span>Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жылдың үздік теннисшісі атағына үміткер 6 спортшының қатарында. Жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер. </span>
<span>Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде 6365 ұпаймен төртінші орында. Айте кетейік, Рыбакина WTA Finals турнирінің 1/4 ойынында белоруссиялық Арина Соболенкоға есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или