Футболдан Словения ұлттық құрамасы жайлы топ-5 қызық дерек

Футболдан Словения ұлттық құрамасы жайлы топ-5 қызық дерек

20 қараша Қазақстан ұлттық құрамасы Словения құрамасына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Nur.kz.

Бүгін, 20 қараша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы ойынын өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 02:00-де Словенияның Любляна қаласында болады.

Осы кездесуге орай футболдан Словения ұлттық құрамасы жайлы қызықты деректер ұсынамыз:

1. Словения ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 54-орында тұр. Ең үздік көрсеткіші 2010 жылы тіркелген еді (15-орын).

2. Словения құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген – Златко Захович (35 гол). Златко 2000 жылдардың басында "Валенсия", "Бенфика" және "Порту" сияқты топ клубтарда ойнаған.

3. Дәл қазір Словения командасының капитаны – Ян Облак. Сонымен қатар "Атлетико Мадрид" клубының негізгі қақпашысы. Ян Испания чемпионатының үздік қақпашысы атағын 4 рет, Словенияның жыл футболшысы мәртебесін 5 рет жеңген.

4. Қазақстан ұлттық құрамасының бүгінгі қарсыластары соңғы 15 ойында 2 рет жеңілген. 9 жеңіс және 4 тең нәтиже көрсеткен екен.

5. Словения ұлттық құрамасының нарықтағы ең қымбат екі ойыншысы – Ян Облак пен Беньямин Шешко. Ян команданың қақпашысы болса, Шешко шабуыл шебінде өнер көрсетеді. Екі ойыншының transfermarkt-тегі ауысым құны осындай: Ян – 35 миллион еуро, ал Шешко – 30 миллион еуро. Қазақстан ұлттық құрамасының жалпы құны 21 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или