Қазақстандық теннисші Валенсиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Валенсиядағы (Испания) «Челленджер» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу жартылай финалында Евсеев испаниялық Хавьер Барранко Косаноны 6:3, 7:6 есебімен жеңді.
Финалда Евсеев италялық теннисші Сальваторе Карузомен кездеседі.
Валенсиядағы турнирдің жүлде қоры 118 000 еуро. Байқау жеңімпазы 16 020 еуро жинап, 100 рейтингтік ұпайға ие болады.