«Номад» құрлық кубогының финалына шықты

Құрлық кубогының үшінші кездесуінде астаналық «Номад» «Земгаледен» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 4:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, жеңіске жеткен команда сапында Николай Шульга (екі рет), Диас Гусейнов және Максим Мусоров гол соқты.
Осылайша, Астананың «Номад» хоккей клубы «Е» тобының жеңімпазы атанып, 12-14 қаңтар аралығында өтетін турнирдің финалына шықты.
«Номад» - «Земгале» 4:1 (1:0, 2:0, 1:1)
1:0 - Шульга (Шетле, Musorov) - 05:52 ГБ
2:0 - Гусейнов (Гатиятов, Царев) - 31:54
3:0 - Мусоров (Шульга) - 34:22
3:1 - Андерсонс (Криштинс, Круминс) - 49:31
4:1 - Шульга (Оспанов, Мусоров) - 50:42
Қақпашылар: Бояркин - Цимерманис (Баярунс-Галейс, 40:00 - 60:00)