«Ред Булл» шабандозы Лас-Вегас Гран-приінде жеңіске жетті

«Ред Булл» командасының голландиялық шабандозы Макс Ферстаппен Лас-Вегас Гран-приінде (АҚШ) жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ферстаппен үшін бұл биылғы маусымдағы 18-жеңісі және мансабындағы 53-жеңісі.
Лас-Вегастағы Гран-при. Жарыс:
1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») – 50 айналым;
2. Шарль Леклер («Феррари») +2.070;
3. Серхио Перес («Ред Булл») +2.241;
4. Эстебан Окон («Альпин») +18.665;
5. Ланс Остролл («Астон Мартин») +20.067.