Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» элиталық кезеңдегі жарыс кестесі жарияланды

«Қайрат» АФК-ның 2023-24 жылғы маусымдағы футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық раундындағы матчтарының уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық клуб В тобында португалиялық «Бенфика», словениялық «Добовец» және косоволық «Приштина» командаларымен кездеседі.
30 қарашада «Қайрат» «Бенфикамен» ойнаса, 31 қарашада Приштинамен кездеседі. Соңғы матч 2 желтоқсанда Добовецке қарсы өтеді.
Әр топтың жеңімпаздары УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталатын төрттік финалға өтеді.
Айта кетейік, 30 қазан күні «Қайрат» «Пальмадан» 3:4 есебімен жеңіліп, өз тобында екінші орын алды.