«Қазақ Терминаторы» стадионда өтетін турнирдің басты жекпе-жегіне шығады

«Наше Дело» лигасының стадиондық турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.
Жазылушыларға қазақстандықпен жекпе-жекке үш үміткер ұсынылды. Бұл Максим Дивнич, Александр Грозин және Мохаммад Хейбати.

Еске сала кетейік, Қасымбай кейінгі жекпе-жегін Hardcore және Nomad промоушендарында өткізген.