Хоккейден Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде Ресейді жеңді

Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан 3х3 Спорт клубы президентінің кубогы турнирінде хоккейден Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы Ресей әйелдер командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорт клубы президентінің кубогы. 3х3
Қазақстан U-18 - Ресей (Әйелдер) 5:0 (3:0, 2:0, 0:0)
Шайбалар:
1:0 – Кажибеков (Шипилин), 03:00
2:0 – Саркенов (Әлібек, Глухих), 07:50
3:0 – Симонов, 09:39
4:0 – Глухих, 31:17
5:0 – Потапов, 35:56
Қақпашылар: Абылайхан Төлеубай - Валерия Меркушева