Салах АПЛ-дың қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

Салах АПЛ-дың қазан айындағы үздік ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах қазан айының қорытындысы бойынша АПЛ-дың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі АПЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысырлық ойыншы бұл сыйлықты бесінші рет алып, Уэйн Руни мен Робин ван Персимен теңесті. АПЛ-да айдың үздік ойыншылары Стивен Джеррард, Криштиану Роналду (екеуі де 6 рет), Серхио Агуэро және Харри Кейн (екеуі де 7 рет) атанған.

Салах өткен айда АПЛ-да үш ойынға қатысып, жеті гол соқты.
Қазіргі уақытта «Ливерпуль» Англия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0