«Астана» капитаны «Балканиге» қарсы матч туралы ойын айтты

«Астана» капитаны Абзал Бейсебеков Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Балканиге» қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ертеңгі ойынға дайынбыз. Ертең барымызды салып, оң нәтиже көрсетеміз деп сенемін.
Мен қорғаныста да, жартылай қорғауда да ойнауға ыңғайлымын. Команда матчқа психологиялық тұрғыдан дайын. Бізде шығуға үлкен мүмкіндіктер бар және біз осы мүмкіндікті пайдалану үшін бәрін жасауымыз керек.
Команда жаңа басшылықты жақсы қабылдады, біз оларды жақсы білеміз», - деді ойыншы.
Айта кетейік, «Астана» 9 қарашада өз алаңында «Балканиге» қарсы ойнайды. Астана уақытымен 21:30-да басталады.