Хоккей

Минскідегі турнирде Қазақстан жастар құрамасы өнер көрсетеді

Минскідегі турнирде Қазақстан жастар құрамасы өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасы Минскіде өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

8-11 қараша аралығында Беларусь астанасы Минск қаласында «Президенттік спорт клубының кубогы» халықаралық турнирі өтеді.

Жарысқа Қазақстанның жастар құрамасы қатысады, оның қарсыластары Беларусь жастар құрамасы, Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасы және Ресейдің әйелдер құрамасы болады. Сондай-ақ Кубок аясында 3х3 хоккейден турнир өтеді.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

2021 жылғы 8 қараша, 19:00 - Беларусь U18 - Қазақстан U18
2021 жылғы 9 қараша, 15:00 - Ресей U16 - Қазақстан U18
2021 жылғы 10 қараша, 16:00 - Беларусь U18 - Қазақстан U18
11 қараша 2021 жыл, 13:00 - Қазақстан U18 - Ресей әйелдері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0