WTA финалының алғашқы финалисті белгілі болды

Америкалық теннисші Джессика Пегула WTA финалдық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы отандасы Кори Гауфф болды. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесу 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.
Финалда Пегула Арина Сабаленка мен Ига Свиатек арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы ойнайды.