Қазақстандық файтер UFC-ден керемет жаңалық естіді

Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (16-1) Алматыдағы OCTAGON 52 турнирінде келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz Еуразиялық жекпе-жек лигасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ең жеңіл салмақта бақ сынайтын жерлесіміздің қарсыласы бразилиялық Ян Ферраз (15-5) болады.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, UFC матчмейкерлері бұл жекпе-жекте қазақстандық файтерді қадағалайды.
OCTAGON 47 турнирінде Алмахан бразилиялық Матеуса Глорияны (12-5-1) мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Айта кетейік, 18 қарашада Алматыда өтетін жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.
OCTAGON 52 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады