Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Бергамода (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Кукушкин әлемнің 151-ракеткасы америкалық Брэндон Накашимеден 1:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.