Бірінші лига ойынында «Елімай» «Ақжайықты» жеңді

Семейдің «Елімай» ФК футболдан Бірінші Қазақстан лигасының 30-туры аясындағы ойында өз алаңында «Ақжайықты» жеңгеннен кейін жеңіліссіз команда мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч турнир кестесінің көшбасшысының жылдам голымен ашылды, 4-минутта семейліктердің шабуылшысы Павел Яковлев қарсылас қақпасына гол соқты.
Бірінші лига. 30-тур.
«Елімай» - «Ақжайық» 2:1 (1:1)
Гол соққандар: 4 Яковлев (1:0), 69 Кавтарадзе (2:1) («Елимай») – 33 Божко (1:1) («Ақжайық»).
31 қазан. 2023. Семей. «Спартак» стадионы
Айта кетейік, «Ақжайық» жеңіліске ұшырағанымен, 28 кездесуде 54 ұпай жинап, кестедегі 4-ші орнын сақтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или