Месси әлемнің ең үздік футбол клубын атады

Месси әлемнің ең үздік футбол клубын атады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентина ұлттық құрамасы сапындағы әлем чемпионы Лионель Месси "Алтын доп" табыстау рәсімінен кейінгі баспасөз мәслихатында әлемнің ең үздік клубын атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sport.es басылымына сілтеме жасай отырып.

"Интер Майами" футбол клубының ойыншысы Лионель Месси жылдың үздік футболшысы болып танылып, сегізінші рет "Алтын доп" иегері атанды.

Аргенитиналық ойыншы Парижде өткен салтанатты шеруден кейінгі баспасөз мәслихатында "Барселона" футбол клубын әлемнің ең үздік командасы санайтынын айтты.

"Әлемнің ең мықты клубында ойнасаңыз, командалық және жеке трофейлерді жеңу мүмкіндігіңіз көп болатыны белгілі. "Барселона"- әлемдегі ең мықты ұжым және басқа клубтан ерекше. Әрине, "Барсаның" жанашыры болып қаламын. Мен бұл команданы жақсы көремін", - деді Лионель Месси.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0