«Астана» шабандозы «Критериум Сингапур» жарысында екінші болып мәреге жетті

«Критериум Сингапур» бір күндік веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарыста Alpecin-Deceuninck командасының бельгиялық велошабандозы Яспер Филипсен жеңіске жетті.
«Астана» шабандоздары арасындағы үздік нәтижені Марк Кавендиш көрсетті, ал словениялық Тадей Погачар (BAE Team Emirates) үшінші орынды иеленді.