Әліптің «Зениті» РПЛ рекордын қайталады

Ресей чемпионатының 13-турындағы ойында «Зенит» өз алаңында «Ахматтан» басым түсті деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 2:1 есебімен петерборлық клубтың пайдасына аяқталды. Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп матчты негізгі құрамда бастап, сары қағаз алып, бүкіл матчты алаңда өткізді. Қазақстан құрамасының тағы бір қорғаныс ойыншысы Марат Быстров жеңілгендер қатарында қосалқы құрамда қалды.
Осылайша, Зенит командасы РПЛ-дағы 20-шы матчта кем дегенде бір гол соғып, Ресей чемпионаттарындағы рекордтық сериясын қайталады. Бұған дейін дәл осындай нәтижеге 2011-2012 жылдары петерборлықтар қол жеткізген.