Грек-рим күресі

Жастар арасындағы ӘЧ: Грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы финалға шықты

Жастар арасындағы ӘЧ: Грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы (67 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол жартылай финалда Әзірбайжан көшбасшысы Хасан Маммадиді 9:0 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді.

Финалдағы қарсыласы - түркиялық Мұстафа Йылдырым.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында әйелдер күресінен Алтын Шағаева (53 келі) мен Ирина Кузнецова (62 келі) қола жүлдегер атанды.

Алтын қола медаль үшін белдесуде румыниялық Беатрис Йеноладан басым түсті. Ал Ирина қола жүлдеге таласта үндістандық спортшыны жеңген болатын.

Айта кетейік, Асылжан Есенгелді аталған дүбірлі додада еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер