UFC сыра брендімен рекордтық демеушілік келісімге қол қойды

UFC Anheuser-Busch компаниясымен демеушілік келісімшартқа отырды, соның арқасында Bud Light тағы да ММА промоушенінің ресми сырасына айналады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ESPN хабарлауынша, келісім UFC тарихындағы рекордтық сомаға жасалған.
Келісімшарт 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. UFC бұрын Anheuser-Busch-пен ынтымақтасқан. 2017 жылы Modelo сыра брендімен серіктес болды.
UFC сегізбұрышында 2024 жылғы іс-шараларда қайтадан Bud Light жарнамасы көрсетіледі.