Боксшы 9 000 теңге гонорар үшін жекпе-жек өткізіп, кездесуден кейін қайтыс болды

Боксшы 9 000 теңге гонорар үшін жекпе-жек өткізіп, кездесуден кейін қайтыс болды

Бразилиялық әуесқой боксшы Жоау Виктор Пенья жекпе-жекте нокаутпен жеңілген соң үш күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты<span> </span>«Бей в кость | Бокс и ММА» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, егер ол сол жекпе-жекте жеңіске жетсе, 18 еуро (9 000 теңге) табыс табар еді. Отбасы оны жекпе-жектен бас тартуға қанша үгіттесе де, Жоау алған бетінен қайтпаған.

Пенья жекпе-жектің 90-секундында нокаутқа түсті, оған дереу медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ол өз бетімен үйіне қайтты, бірақ артынша денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен. Бірнеше күн ем қабылдаған соң қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или