Финляндия - Қазақстан матчы бір минут үнсіздікпен басталады

Финляндия - Қазақстан матчы бір минут үнсіздікпен басталады

Финляндия мен Қазақстан құрамасы арасындағы ЕУРО-2024 іріктеу матчы бір минут үнсіздікпен басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім 16 қазандағы Бельгия - Швеция матчы алдында Брюссельде болған қайғылы оқиғаға байланысты қабылданды.

ЕУРО-2024 іріктеу турнирі өтіп жатқан «Кинг Бодуэн» стадионына жақын жерде Швеция құрамасының жейдесін киген екі жанкүйерге оқ атылды. Қауіпсіздік мақсатында ойын бірінші таймнан кейін тоқтатылды. Швеция мен Бельгия құрамалары арасындағы матчқа келген 35 мыңға жуық адам оқиғадан кейін стадионда эвакуациялану үшін төрт сағат күтті.

17 қазанда Бельгияда швед жанкүйерлерін өлтіруге қатысы болуы мүмкін адамды залалсыздандырды. Ұстау кезінде күдікті кеуде тұсынан жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или