русский язык
Бокс

Президент Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Президент Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жеңіп, WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді иеленген Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» деп жазды Мемлекет басшысы X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Қоса кетейік, Жәнібек қарсыласын алтыншы раундта нокаутқа жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;