«Жанкүйерлердің арқасында жеңіске жеттік». Дәурен Тұрсағұлов – Әзербайжанға қарсы матч туралы

Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов Prosports.kz тілшісі Бекарыс Әлімханға берген эксклюзивті сұхбатында Әзербайжанмен өткен ойын туралы айтып берді.
– Дәурен, жеңіс құтты болсын! Ойын жайлы не айтасыз?
<span>– Ойынды сәтсіз бастадық, бірақ екінші таймда өзімізге келіп, жеңіске жеттік. Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді – олар бізге күш берді. Бірінші таймда сәтсіз болды, ал жанкүйерлер бізге жігер берді. Алла мен жанкүйерлердің арқасында жеңіске жеттік. Топтағы басты қарсыластың бірін жеңгенімізге өте қуаныштымыз.</span>
– Қазір Қазақстан өз тобында көш бастап тұр.<br /><br /><span>– Алда екі ойын бар: Нидерландымен өз алаңымызда және Румыниямен сырт алаңда ойнаймыз. Топтан шығуға кепілдік беру үшін тағы үш ұпай еншілеу қажет.</span>
– Сізге қай қалада өнер көрсеткен ыңғайлы, Астанада ма, Алматыда ма?
– Барлық жер бірдей. Ешкімді ренжіткім келмейді, өйткені олардың барлығы біздің жанкүйерлеріміз.