Билли Джин Кинг кубогының финалдық турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды

Билли Джин Кинг кубогының финалдық турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды

Қазақстан әйелдер құрамасының 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтетін командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі – Билли Джин Кинг кубогына қатысатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы келесі ойыншыларды іріктеп алды: Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағандықова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Аустралия және Словения құрамаларымен В тобына енді.

Сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатының шешуші кезеңіне тағы тоғыз құрама қатысады: Швейцария (2022 жылғы Билли Жан <span>Джин </span>кубогының жеңімпазы), Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Германия және Польша (wild-card иесі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или