Недовесов Қытайдағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Недовесов Қытайдағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 1/8 финалда эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Уэс Колхоф — Нил Скупски жұбынан 6:7, 4:6 жалпы есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу бір сағат 32 минутқа созылды. 

Айта кетейік, 36 жастағы Александр қазір ATP жұптық рейтингінде 45-орында тұр, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең үздік нәтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или