Күрес

Жамиля Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жамиля Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Жамиля Бақбергенова Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол финалда 2022 жылғы Азия чемпионы қырғызстандық Айпери Медет кызымен кездесті. 76 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек 7:4 есебімен қырғызстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осылайша Жамиля Бақбергенова ел қоржынына 17-ші күміс медальді әкелді.

Жамиля Бақбергенова үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның екі өкілі: Елена Шалыгина мен Ирина Кузнецова қола жүлдені сарапқа салды. Екі спортшы да жекпе-жекте жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер