Жәмилә Бақбергенова Азия ойындарының алтыны үшін күреседі

Жәмилә Бақбергенова Азия ойындарының алтыны үшін күреседі

Жәмилә Бақбергенова Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатында 3 жыл қатарынан жүлде алған қазақ палуаны жартылай финалда Киранды (Үндістан) жеңді. Есеп: 4-2.

Жәмилә алғашқы белдесуінде Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Светлана Окназарованы, ширек финалда моңғолиялық Ариунджаргал Ганбатты еш қиындықсыз таза жықты. Енді ол финалда Айпері Медетқызы (Қырғызстан) немесе Хуей Чангпен (Тайбэй) күреседі. Жүлде жолындағы айқастар Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Осы тұста Жәмилә Бақбергенова (72 кг салмақта) сары құрлық чемпионатында 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ палуаны екенін айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Ол жуырда Белградта өткен дүниежүзі додасында 72 кг дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді. 27 жастағы бозкілем шебері оның алдында Белград (2022 жыл) пен Ослодағы (2021 жылы) чемпионаттан күміс медальмен оралған.

Жәмилә Сербиядан елге оралып, Қытайдағы жазғы Азиадаға Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта аттанды. Аса ауыр салмақта алдыңғы Джакартадағы ойындарда тәжірибелі Эльмира Сыздықова қола жүлдеге қол жеткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или