русский язык
Велоспорт

Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль алды

Қазақстандық велошабандоз Азия ойындарында алтын медаль алды

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федоров топтық жарыста топ жарды. Ол 207,7 шақырым қашықтықты 4:25:29 уақытта жүріп өтті.

Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Луценко мәреге екінші болып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Луценко жекелей жарыста жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;