Анастасия Ермакова Азия ойындарын 5-орынмен аяқтады

Анастасия Ермакова Азия ойындарын 5-орынмен аяқтады

<span>Санаулы сәттер бұрын Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында сырықпен секіруден әйелдер арасындағы финал мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.</span>

<span>Ел чемпионы Анастасия Ермакова бұл сында 5-орын алды. Оның көрсеткіші 4.10 метр.</span>

<span>Гуанчжоудағы Азия ойындарында күміс алып, Инчхон мен Джакартада топ жарған Ли Лин (Қытай) бұл жолы да алтыннан алқа тақты. Ол 5 жыл бұрын Индонезияда өзі тіркеген ойындар рекордын тағы биіктетті. Ендігі меже 4.63 метр. Күміс Мисаки Морота (Жапония), қола Ни Чунгтың (Қытай) қоржынында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или