Жеңіл атлетика

Анастасия Ермакова Азия ойындарын 5-орынмен аяқтады

news-banner7
mobile-news-top

Санаулы сәттер бұрын Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында сырықпен секіруден әйелдер арасындағы финал мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ел чемпионы Анастасия Ермакова бұл сында 5-орын алды. Оның көрсеткіші 4.10 метр.

Гуанчжоудағы Азия ойындарында күміс алып, Инчхон мен Джакартада топ жарған Ли Лин (Қытай) бұл жолы да алтыннан алқа тақты. Ол 5 жыл бұрын Индонезияда өзі тіркеген ойындар рекордын тағы биіктетті. Ендігі меже 4.63 метр. Күміс Мисаки Морота (Жапония), қола Ни Чунгтың (Қытай) қоржынында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер