Қазақстандық ауыр атлет Азия ойындарында жүлде ала алмады
Бүгін Ханчжоу қаласындағы (Қытай) Жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа Қазақстан атынан Карина Горичева қатысты. 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы қоссайыс қорытындысында 210 келі (жұлқа көтеруде 96 + серпе көтеруде 114) көтеріп, бесінші орын алды.
Алтын медаль Лим Ын Симге (КХДР) бұйырса, екінші орынды қытайлық Пэй Синьи, үшінші орынды филиппиндік Элрин Энн Квинилитан Андо иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или