ММА

Азия ойындарының жүлдегері ММА-дағы келесі жекпе-жегінде титулға таласады

Азия ойындарының жүлдегері ММА-дағы келесі жекпе-жегінде титулға таласады
news-banner7
mobile-news-top

Инсайдерлік ақпарат бойынша, ушу-саньдадан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Тұрсын OCTAGON лигасындағы келесі кездесуінде чемпиондық белбеуге таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой деңгейде жеңіліп көрмеген қазақстандық файтердің қарсыласы әлі белгісіз, титулды жекпе-жек биыл қарашада өтеді.

Айта кетейік, ММА бойынша Аян Тұрсынның рекорды 4-0. Спортшы барлық жекпе-жегін OCTAGON лигасында өткізді.

Азия ойындарының жартылай финалында жеңілгеннен кейін Тұрсын көз жасын тыя алмады, көптеген отандасымыз оған қолдау білдірді. 

21 қазанда Алматыда OCTAGON 51 турнирі өтеді, оның негізгі жекпе-жегінде өзбекстандық Мухаммаджон Курбанов (10-4) жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды, қарсыласы - тәжікстандық Фарход Давлятов (7-2).

Негізгі жекпе-жекте ММА-дан әйелдер арасындағы Орта Азия чемпионы қазақстандық Анастасия Дюжикова (8-2) Ресей өкілі Александра Савичевамен (4-1) кездеседі. 

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 51 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0