Стэн Вавринка турнирдің алғашқы айналымда АҚШ өкілі Маркос Гиронмен кездесіп, жеңіліп қалды.
Үш сет те тай-брейкке дейін ұласты. Алғашқысында швейцариялық теннисші 7:6(6) есебімен жеңді. Екінші партияда АҚШ теннисшісі есе қайтарды - 7:6(4).
Cоңғы, шешуші сетте америкалық Маркос Гирон тағы да тай-брейкте жеңіп, матчты жеңіспен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Astana Open турнирінің алғашқы айналымында франциялық Адриан Маннарино, аустриялық Юрий Родионов жеңіске жеткен болатын.
Ал жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге бірінші айналымда Себастьян Баэс (Аргентина) пен Бернабе Сапата Миральесті (Испания) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.