Азия ойындары: дзюдодан Қазақстан құрамасы медаль еншілей алмады

Қазақстандық дзюдошылар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында жарыс қожайындарынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық және қытайлық дзюдошылар арасындағы жекпе-жек 2-4 есебімен Қытай құрамасының пайдасына аяқталды.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ли Жуйсюаннан басым түскен отандық спортшы Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетті.
73 келіге дейінгі салмақта Данияр Шамшаев Циндагты жеңді.