русский язык
Басқа

Қазақстандық мергендер Қазақстан қоржынына медаль салды

Қазақстандық мергендер Қазақстан қоржынына медаль салды

Қытайлық Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар Ислам Сәтбаев пен Александра Ли 10 метрден пневматикалық винтовкамен атуда үшінші орын алды. Олар Иран құрамасынан басым түсті.

Осылайша, қазақстандық мергендер қола медаль иеленді.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;