Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (рейтингте 81-орын) Гуанчжоуда өтіп жатқан WTA турнирінде қытайлық Юй Сяодиді (рейтингте 213-орын) тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 сағат 47 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.
Гуанчжоудағы турнир WTA-250 сериясына жатады, ол 18-23 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 259 303 доллар.
Осы жеңісінен кейін Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымына өтті, онда әлемнің 76-шы ракеткасы даниялық Клара Таусонмен кездеседі.