Еркін күрес

Ризабек Айтмұхан - еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы

Ризабек Айтмұхан - еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы
news-banner7
mobile-news-top

Сербия астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан чемпион атанды.

Ризабек алғашқы айналымда Венгрия балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.

Финалда Ризабек әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесіп, жеңімпаз атанды. Десе де бұл салмақ Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер